Жаңалықтар

7 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Испания Королі Хуан Карлос құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Президент мырза,

Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты менің шын ниетті құттықтауымды қабыл алыңыз.

Сіздің еліңіз осы жылдар ішінде айтарлықтай нәтижелерге жетті. Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында біздің мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып отырғаны мені ерекше қуантады. Мен Сіздің күш-қуатыңыздың арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогреспен және халықтың әл-ауқатының артуымен белгілі болатынына сенемін.

Испания Королі

Хуан Карлос


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар