Жаңалықтар

11 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Сингапур Республикасының Президенті Селлапан Рам Натан құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Жоғары Мәртебелі,

Қазақстан халқы Сіздің Жоғары Мәртебелі көшбасшылығыңызды жалғастыруыңызға өзінің бекем сенімін білдірді. Мен Сізге өз халқыңызды басқара отырып, прогресс пен гүлдену жолында табыстар тілеймін.

Соңғы жылдарда Қазақстан мен Сингапур арасындағы қатынастар арта түсті. Мен Сізбен біздің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі тығыз жұмысқа үміт артамын.

Сингапур Республикасының Президенті

С.Р. Натан


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар