Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы тамаша жеңісімен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай шын жүректен жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыз.

Елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы дәстүрге айналған достық қарым-қатынас, сонымен қатар Түрікменстан мен Қазақтан Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық болашқта да ұдайы дамып және бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін нығая түседі деп сенемін.

Түрікменстан Президенті

Гурбангулы Бердімұхамедов

Ашгабад, 2011 жылғы 6 сәуір.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар