Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы тамаша жеңісімен Венгрия Республикасының Президенті Пал Шмитт құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз.

Мен болашақта Қазақстан аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болуды жалғастыра береді деп сенемін.

Сіздің басшылығыңызбен елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да дами түседі және мен ынтымақтастығымыз жемісті болуы үшін барлық күш-жігерімді салуға дайынмын.

Венгрия Республикасының Президенті

Пал Шмитт


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар