Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына лауазымына кірісуіне орай «Дойче банк» Басқармасының мүшесі, Тессен фон Хайдербектен құттықтау келіп түсті.

-Сіздің ұлықтау рәсіміңізге арналған көптеген құттықтауларға қосылуға рұхсат етіңіз. Аса жауапты лауазымыңызда табыс, Қазақстан халқына гүлдену тілеймін. Біз әрдайым Сіздің еліңіздегі рефомралар жетістігін назарымызда ұстаймыз және Қазақстанның қаржы саласының серпінді дамуына өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз,-деп атап көрсетіледі құттықтауда.

 

 

Қазақстан басшысының атына Пакистандық бизнес форумының президенті «Халықаралық іскерлік байланыстар» газетінің бас редакторы Мұхаммад  Аббас Ханнан жеделхат  келіп түсті.  
-Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісіңізбен және Сіздің ұлықтау рәсіміңізбен құттықтауға рұхсат етіңіз.  Орталық Азиядағы және тұтас әлемдегі қиын жағдайда заң мен демократия салтанат құрған тұрақты әрі мызғымас құқықтық мемлекеттің ұстанымына беркітігін жалғастыруда,-делінген жолдаухатта. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар