Жаңалықтар

6 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Корольдігіне, Еуропалық Одақ пен НАТО-ның штаб-пәтеріне жұмыс сапары жалғасуда.

335.jpg

336.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Корольдігіне, Еуропалық Одақ пен НАТО-ның штаб-пәтеріне жұмыс сапары жалғасуда.

 
Қазақстан басшысы Еуропалық парламенттің штаб-пәтерінде болып, Еуропарламент Президенті Хосеп Боррельмен кездесті.

 

Кездесу кезінде экономикалық, саяси және мәдени салалардағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 
- Мен Қазақстан Президенттін экономикалық өсуді 10 пайыз деңгейінде жеделдетуге мүмкіндік берген табысты экономикалық реформаларымен құттықтадым. Біз Қазақстанның бұдан әрі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ДСҰ-ға кіру жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз. Мен сондай-ақ Президент мырзаны Семей полигоны жабылуының 15-жылдығымен құттықтадым. Қазақстан қарусыздандыру және жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне айтарлықтай үлес қосты. Мен сондай-ақ Президент мырзаны экономика саласында жүргізіп отырған табысты саясатымен, сонымен бірге адам құқықтары саласындағы жетістіктерімен құттықтадым, - деді Х.Боррель журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар