Жаңалықтар

2 шілде 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары аяқталды.

Бүгін түстен кейін Президент Теміртау қаласындағы бірқатар жаңа объектілерді аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Магниткасының 50 жылдығын мерекелеу қарсаңында ашылған жаңа қалалық мешіт пен православ Қасиетті-Никольский ғибадатханасында болды. Мемлекет басшысы діндарларды осы маңызды оқиғамен құттықтап, мешіт пен ғибадатхана рухани жаңаруға себепші және адамгершілікке тәрбиелеудің бастауы болатынына сенім білдірді.

Одан кейін Президент Магнитканың мерейтойын мерекелеу қарсаңында ашылған жаңа Неке қию сарайына келді. Мұнда некеге тіркеудің алғашқы рәсімі өткізілді. Нұрсұлтан Назарбаев отбасын құрған жастарды құттықтап, оларға бақыт және отбасында амандық-саулық тіледі.

Бұдан соң Президент Қазақстанның тау-кен металлургиялық саласындағы инвесторлармен кездесті. 

Осы шарадан кейін Мемлекет басшысының Қарағанды облысына жасаған сапары аяқталды.     


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар