Жаңалықтар

1 қаңтар 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқын жаңа 2012 жылмен құттықтауы.

Қымбатты отандастар!

 

Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2012 жылға қадам басамыз.

Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сыйы мен сынағы қатар келген ерекше жыл болды.

Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өттік.

Астана мен Алматыда Азиада алауы тұтанып, аспан түсті жалауымыз жоғарыдан желбіреді.

Елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мерейтойлық саммиті өтті.

Сырттағы ағайынға сауын айтып, Дүние жүзі қазақтарының ІV құрылтайын өткіздік.

Еліміздің абыройы асқақтап, Ислам ынтымақтастығы ұйымының тізгінін ұстадық.

Әлеуетіміз артып, ел қамбасы мол ырысқа толды.

Бұл жылдың еншісінде өркенімізді өсірген өзге де жақсылықтар аз емес.

Биылғы Президент сайлауында халқым маған ел тізгінін қайта сеніп тапсырды.

Елбасы ретіндегі еңбегіме жоғары баға беріп, мерейімді тасытқан еліме шынайы алғысымды айтамын.

 

Ардақты ағайын!

 

Мен біздің басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз екенін ұдайы айтып келемін.

Біз ежелден елдікті ардақтаған, байыпты қалпы мен салиқалы салтын сақтаған жоралы жұртпыз.

Татулық пен тұрақтылық арқылы біз биік белестерді бағындырдық.

Ырысты ынтымағымыз жарасты болса ұлағатты ұлт ретінде алар асуларымыз әлі алда.

Алдымыздағы жыл – жаңа дәуірдің басы.

Жаңа жылда біз Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығының парағын ашамыз.

Біз алдағы кезеңге ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, жақсы ниетпен қадам басамыз.

Жаңа жыл – ең әуелі отбасылық мереке.

Дана халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған.

Жаңа жыл еліміздегі әрбір шаңыраққа шаттық сыйласын деп  тілеймін!

Ұлы Отанымызға жақсылығы мен мол игілігін ала келсін!

Мереке құтты болсын!

 

Уважаемые казахстанцы!

 

В эти радостные и волнующие минуты мы торжественно провожаем 2011 год.

Для Казахстана – это был год 20-летия  Независимости.

Два минувших десятилетия – это только предисловие великой летописи нашей новой страны.

Казахстан достойно преодолел этот исторический рубеж.

Мы стали сильным, современным и уважаемым во всем мире государством.

Мы стали одной из трёх стран мира с самой динамичной экономикой.

Вырос уровень жизни казахстанцев.

На треть увеличены размеры  пенсий и заработной платы бюджетников.

В Астане создан величественный символ наших побед и свершений – триумфальная арка «Мәңгілік ел».

Казахстан, Беларусь и Россия приняли историческую Декларацию о Евразийской экономической интеграции.

Я хочу ещё раз поблагодарить вас, мои дорогие казахстанцы!

За поддержку моего курса и высокое доверие, которое вы мне оказали на прошедших в этом году президентских выборах!

За вашу мудрость, трудолюбие, единство!

Эти важнейшие качества нашего народа особенно ярко проявляются в ответственные моменты истории.

Так было и в последние дни уходящего года.

Мы доказали, что казахстанцы – сплочённый народ, который свято хранит спокойствие в стране,  чтит традиции мира и согласия, созидания и дружбы.

Что мы всегда будем беречь наше единство!

Никто и никогда не заставит нас свернуть с этого пути!

 

Мои дорогие казахстанцы!

 

В наступающем Новом 2012 году нас ждут новые возможности и новые вершины.

Нашей ключевой задачей будет  повышение благосостояния всех казахстанцев.

Я убежден, что в Новом году Казахстан станет крепче благодаря единству нашего народа, беззаветному  труду, росту достатка и благополучия граждан!

 

 

Дорогие друзья!

 

Этот торжественный миг встречи Нового 2012 года наполнен радостью и теплом в каждой казахстанской семье.

Мы вместе открываем дверь в будущее.

Я от всего сердца желаю, чтобы в Новом году сбылись все светлые мечты и надежды каждого казахстанца.

Счастья, здоровья и процветания вам, дорогие соотечественники!

С Новым годом! С Новым счастьем!

Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар