Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда.

02

01

03

Президенттің жұмыс сапары бағдарламасының екінші күні көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылын аралаудан басталды. Мұнда келісімен Президент ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратында болды және бірлестік ұжымына жедел медициналық көмек көлігінің кілтін тапсырды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына өңірде жүргізілген, көктемгі су тасқынының салдарларын жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады. Қазіргі кезде Тарбағатай ауданында 443 үй салынуда, оның ішінде 210 үй – Көкжыра ауылына тиесілі. Ал 60 үй пайдалануға берілуге дайын тұр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ауылдағы 600 оқушыға арналған орта мектептің құрылысына 977,5 миллион теңге бөлінді. Жалпы алғанда мемлекет облыстағы су тасқынының салдарларын жою үшін 9 миллиардтан астам теңге бөлді.      

Ауылды аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев ауылдың тұрғыны Омаровтар отбасында қонақта болды. Президент отбасын жаңа қонысымен құттықтады, сыйлық тапсырды және оларға бақыт және жақсылық тіледі. Мемлекет басшысы сондай-ақ жергілікті тұрғындармен әңгімелесті.

Одан кейін Президент Өскемен қаласындағы бірқатар өндірістік нысандармен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ титан құймалары мен қорытпаларын өндіретін жаңа зауытта болып, кәсіпорын ұжымымен кездесті. Президент механикалық өңдеу құймалары, вакуумды-доғалық пештер, электродты дәнекерлеуші плазма қондырғысы, электродты тығыздаушы пресспен, шихта дайындау қондырғысына қажетті жабдықтармен танысты.  Жобаны іске асыруда вакуумды-доғалық балқыту және қосымша құнын ескере отырып – титан құймалары мен қорытпалары өнімдерін алуда жаңа технологияны қолдана отырып, шикізатты тереңдете өңдейтін жаңа өндіріс ашу қарастырылады. Өндірістің жоспарланған көлемі – жылына 11 мың тонна. Жобаның құны 12,3 миллиард теңгені құрайды.  

Президент аралаған келесі нысан «Қазмырыш» ЖШС мыс қорыту цехы болды. Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа металлургия» жобасы аясында мыс өндірісінің балқыту цехындағы жіберу-жұмысты жөндеу барысымен танысты. Цехтың құрылысы 2010 жылғы желтоқсанда аяқталатын болады. Қайта өңделетін концентраттың жоспарланған көлемі жылына 294 000 тоннаны құрайды, зауыттың өндірістік қуаты – жылына 70 000 тонна катодтық мыс және жылына 100 000 тонна қара қорғасын. Зауыттың құрылысы үшін «Isasmelt» (Австралия) озық экологиялық таза технологиясы таңдап алынған. Бұл күкірт диоксидін ауаға шығаруды еуәуір азайтуға және өндірістің қоршаған ортаға техногендік жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді. Құрылыстың құны 730 миллион АҚШ долларын құрайды. Жобаның аясында мыңнан астам жұмыс орны ашылатын болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазмырыш» ЖШС ұжымының жұмысшыларымен кездесті және «Ново-Широкинский рудник» ААҚ Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнының ұжымымен бірге телекөпірге қатысты.

Одан кейін Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан өңірінде тұрып жатқан этностар мен әртүрлі дәуірден келе жатқан 16 үй орналасқан аумақтағы этноауылды аралап көрді. Президент қазақ, орыс, кәріс, неміс, украин, әзірбайжан үйлері мен өзге ұлттар өкілдерінің үйлері кешенімен танысты. Облыста барлығы 5 Достық үйі және 74 этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. 

- Әлемдік дағдарысқа қарамастан, экономика қарқынды дамуда, біз барлық пролеманы шештік. Өздеріңіз білесіздер, көктемгі су тасқынының салдарлары Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында дер кезінде әрі жедел шешімін тапқан болатын. Біз бейбітшілік, келісім және тұрақтылықтың арқасында кез келген қиындықты жеңіп шығатынымызға сенемін. Конфессияаралық және ұлтаралық келісім – бұл біздің басты байлығымыз, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар