Жаңалықтар

23 қаңтар 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы болып өтті.
big-01.jpg

Президент Әділбек Жақсыбековты «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындап, бүгін оны партияның Саяси кеңесі бюросы мен Орталық аппаратының мүшелеріне таныстырды.


Мемлекет басшысы Ә.Жақсыбеков өзіне жақын адам екендігін және көп жылдар бойы өзінің командасында жұмыс істеп келгенін айрықша атап өтті. Ол 2005-2007 жылдардағы сайлау компаниялары кезінде Президент Әкімшілігін басқарды. Сондай-ақ Ә.Жақсыбеков жаңа қызметімен қатар Президенттің Кеңесшісі қызметін қоса атқарады.


- Бұл біздің «Нұр Отан» саяси партиясына қаншалықты маңыз беретінімізді көрсетеді, - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.


Президент сондай-ақ Бюро мүшелерін Бақытжан Жұмағұловтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы орынбасарының жұмысын атқаруына байланысты «Нұр Отан» партиясы бірінші орынбасары қызметінен босатылғанын хабарлады. Сондай-ақ Қайрат Келімбетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалуына байланысты партия төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар