Жаңалықтар

19 маусым 2007
Мемлекет басшысы Ресей Ғылым академиясының вице-президенті, Нобель сыйлығының лауреаты, академик Жорес Алферовты қабылдады.

Кездесуде Ресей ғалымдары жүргізген зерттеулердің негізінде Қазақстанда жоғары технологияларды дамыту, сондай-ақ жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау мәселелері талқыланды.


- Посткеңестік кеңістіктегі мемлекет басшыларының ішінен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жоғары технологиялардың маңызын жақсы түсініп, ғылыми және білім беру қызметін дамыту үшін тиімді шаралар қабылдап отыр, - деді Ж.Алферов журналистерге арналған брифингте.


Академик Қазақстан Президентімен болған кездесуде Алматыда күн батареяларының өндірісін құрудың нақты жобасы талқыланғанын жеткізді. Бұл өз негізінде Ресей ғалымдарының көп жылғы зерттеулерінің жетістіктерін пайдаланатын бірегей жоба болып табылады.


Сол күні Мемлекет басшысы Ұлыбританияда тұратын мысырлық кәсіпкер Мохаммед Әл-Файедті қабылдады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар