Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қаңтар 2011
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, Қазақстан халқының рухани-мәдени топтасуын, сабақтаса және ілгерілей дамуды қамтамасыз етуге бағытталған «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жылы деп жарияланды, ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткізіледі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар