Жаңалықтар

2 қазан 2020
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады

Қазақстан Президентіне Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында берілген тапсырма бойынша ақын шығармаларының он тілге аударылғаны жөнінде есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы баяндалды. Рауан Кенжеханұлының айтуынша, бұл жоба жыл аяғына дейін аяқталады. Жалпы 100-ден астам оқулық аударылады.

Кездесу барысында балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесіне,  білім берудің онлайн-платформасын дамытуға, сондай-ақ, аударма және терминология салаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған мәселелердің маңызды екенін атап өтіп, мүдделі мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, оларды пысықтауды тапсырды.  

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар