Жаңалықтар

9 ақпан 2007
Мемлекет басшысының Жарлығымен Рахат Мұхтарұлы Әлиев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;

Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

Мейіржан Серікұлы Машан Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.


Мемлекет басшысының жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:


Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;


Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы, Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.


Мемлекет басшысының өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:


Рахат Мұхтарұлы Әлиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен;


Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметінен;


Нелля Ұсақызы Жұбасова Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар