Жаңалықтар

15 желтоқсан 2006
Назарбаев Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында болып өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына байланысты салтанатқа қатысты.

323.jpg

324.jpg

325.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында болып өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына байланысты салтанатқа қатысты.

 
- Бүгін барша қазақстандықтар еліміздің ең ұлық мерекесі – тәуелсіздік күнін атап өтуде. Азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы – ел тәуелсіздігіне тура он бес жыл толды. Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың әз аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз. Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы – тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да 20 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады,  деді Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған сөзінде.

Салтанатты жиынның ресми бөлігі аяқталғаннан соң Бейбітшілік және келісім сарайының Опера театры залында театрландырылған қойылым көрсетіліп, Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен концерт берілді.

 Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің мәтінін


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар