Жаңалықтар

5 мамыр 2008
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа әкімшілік ғимаратын аралап көрді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты Астананың жаңа әкімшілік орталығында бой көтерді.


Президент Комитет қызметкерлерін қазіргі заманға сай жарақтандырылған ғимаратқа көшуімен құттықтап, ҰҚК өзіне жүктелген міндеттерді, атап айтқанда лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресті, елдің ақпараттық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, мемлекеттік шекараны қорғауды тиімді атқарып отырғанын атап өтті.


- Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мерекесі қарсаңында мен ҰҚК-нің бір топ қызметкерлерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттадым. Сіздерге алғыс білдіремін және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасына қызмет етуде табыс тілеймін, - деді Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар