Жаңалықтар

10 шілде 2009
Отанымыздың елордасы – Астана күніне және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың туған күніне орай Мемлекет басшысының атына көптеген құттықтау келіп түсті.

Авторлар қатарында – мемлекеттердің, үкіметтер мен парламенттердің басшылары, беделді әлемдік саясатшылар, жетекші конфессиялардың дінбасылары, дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың жетекшілері, республикалардың, облыстар мен қалалардың басшылары, халықаралық, шетелдік және отандық бизнес-элитаның өкілдері, депутаттар, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылыми және шығармашылық интеллигенциялардың өкілдері, дін қызметшілері, жұмысшылар, фермерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер, инженерлер, зейнеткерлер, оқушы жастар бар.

 

Бұған дейін хабарланғанындай, Мемлекет басшысын алғашқылар қатарында Ресейдің, Өзбекстанның, Арменияның, Түркияның, Түркіменстанның, Украинаның, Қырғызстанның президенттері Д.Медведев, И.Каримов, С.Саргсян, А.Гүл, Г.Бердымұхамедов, В.Ющенко, Қ.Бакиев, сондай-ақ Австрияның бұрынғы Федералдық канцлері Ф.Враницкий және Украинаның Премьер-министрі Ю.Тимошенко құттықтады.

 

Құттықтау жеделхаттарын РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы С.Миронов, ТМД атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшы С.Лебедев, РФ-ның Қазақстандағы елшісі М.Бочарников жолдады.

 

Канаданың Қазақстандағы елшісі Маргарет Скок былай деп көрсетіпті. “Сіздің мемлекеттегі үш жылғы менің жұмысым канадалық компаниялар секілді тікелей мен үшін де өте пайдалы және елеулі оқиғаларға толы болды. Жоғары мәртебелі Сізді құттықтауға және Сіздің еліңізді және оның бас қаласының тұрақты да өркениетті дамуын нығайтуға бағытталған көреген саясатыңызға деген құрметімді білдіруге рұқсат етіңіз”.

 

“Маған Қазақстанда Вьетнам Социалистік Республикасының алғашқы елшісі болып жұмыс істеудің зор құрметі тиді, – деп хабарлапты вьетнамдық дипломат Ву Тхе Хиеп. – Географиялық алшақтығына қарамастан Вьетнамның басшылығы мен халқы Қазақстан дамуының әр қадамын мұқият қадағалауда және біз Сіздің тікелей басшылығыңызбен Қазақстан халқы ұлттық тәуелсіздікті нығайтуда, елдің құрылысында, дамуы мен жаңғыртылуында қол жеткізген табыстарға өте қуанамыз”.

 

“Біз Сізді Днепродзержинскінің – Сіздің жастық шақтағы қалаңыздың азаматы деп атауға қуаныштымыз және біздің арамыздағы достық пен туыстықтың ізгі дәстүрлері одан әрі нығаятынына сенімдіміз”, – делінген Днепродзержинск тұрғындарының ұжымдық хатында.

 

Астрахань облысының губернаторы А.А.Жилкиннің жеделхатында былай делінген: “Шекаралық ынтымақтастық саласындағы Сіздің қолдауыңыздың арқасында бірқатар елеулі жобаларды іске асыра алдық. Қиғаш өзеніне көпір салынды, Астрахань-Атырау автожолында қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы атындағы мәдени орталық ашылды, біздің елдеріміз халықтарының арасындағы мәңгі достықтың белгісі ретінде Астрахань қаласында Құрманғазыға ескерткіш орнатылды...” Губернатор бақыт, денсаулық береке, бейбітшілік, өркенділік, жаңа жетістіктер тілепті.

 

Индустриялық алыптардың еңбек ұжымдары мен отандық және шетелдік бизнес қоғамдастықтың өкілдері де ыстық ықыласты құттықтаулар жолдапты. Олардың арасында “Қазцинк” ЖШС, “Теңізшевройл” ЖШС, “ПетроҚазақстан” және “КННК-Қазақстан” компаниялары, Қазақстанның “Атамекен” одағы, “Роснанотех”, “Ресей Жинақ банкі” МК, “КамАЗ” ААҚ, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасы, Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің Халықаралық конгресі, Мемлекетаралық авиация комитеті, “Мечел” ААҚ, “Банк ВТБ” ААҚ және басқалары бар.

 

Бакуден Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы шейх Аллашукюр Паша-задеден, Астана және Алматы митрополиті Мефодийден, молда Зейнел қажы Мұхамедұлынан, Батыс Қазақстанның православиелік діндарларынан жеделхаттар келіп түсті.

 

Мемлекет басшысына Қазақ КСР Министрлер кеңесінің бұрынғы төрағасы, Социалистік Еңбек Ері Б.Әшімов, халық ақыны Т.Молдағалиев, халық әртістері М.Ахмадиев, Е.Хасанғалиев, Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Н.Оразалин, жазушылар Э.Ғаббасов, И.Щеголихин, А.Мекебаев, Д.Қонаев атындағы халықаралық қордың президенті Э.Қонаев және басқалар жылы сөздерге толы құттықтаулар жолдапты. Нұрсұлтан Әбішұлын сыныптастары да құттықтаған екен.

 

Жас елорданың күніне орай Президентке сыйлық ретінде алматылық жас әнші Анастасия Стаценко “Земля Казахстана” деген жаңа әнін жолдапты.

 

Құрылғанына он жыл болған “Мирас” халықаралық мектебінің педагогтары мен оқушылары Мемлекет басшысына өз құттықтаулары мен тілектерін айтқан.

 

Түрлі жастағы және кәсіптегі, еліміздің түрлі өңірлеріндегі Қазақстан азаматтарының құттықтаулары да президенттік поштадан орын алыпты. Олардың арасында зейнеткер Л.Завгородниева, Е.Бейсенова, Б.С.Мақажанов, Рогалевтер отбасы (Астана), кішкентай Нұрсұлтан Мұратов және Нұрсұлтан Әбішұлы, “Қазақстан” байк-клубының жетекшісі Д.Петрухин, мұражайшы М.Ескендірұлы, инженер-пилот Н.Ахмуханов, Л.А.Жамбылова-Асанбаева, Т.Қасымов, Исмаиловтар мен Досжановтар отбасылары, Фирсовтер отбасы, Ж.Сәкенов, Бақай шағын ауданының тұрғындары (Алматы), Б.Назаров (Көкшетау), Социалистік Еңбек Ері К.Дөненбаева, Қостанай қаласының Ұлы Отан соғысына қатысушылар ұйымы, Кондратюктер отбасы (Қостанай), Нұрсұлтан Қалдыбеков колледжінің оқушылары, Н.Өтебаева, С.Алтынсарыұлы (Ақтөбе), Багировтар отбасы (Павлодар), кәсіпкер Д.Жүкесова (Атырау), батальон командирінің орынбасары Е.Ташпулатовтың отбасы, Н.Асланов, С.Әубәкірұлы (Қарағанды), Ж.Нұрбаев, Р.Тәттіғұлов (Тараз), зейнеткер мұғалім Қ.Сақабаев (Текелі), Ж. Әзіретбергенұлы (Түркістан), алтыншы сынып оқушысы А.Жұмабаев (Жетісай), ардагер Е.Серікбаев (Жамбыл облысы), көпбалалы ана Дүйсенова (Қызылорда), Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Аллахвердиев, Лебедев, Наримонян, Магазинщиков, Кан, Шик (Өскемен), А.Естаева (Риддер), Югай отбасы (Үштөбе), А.Исабекова (Кентау), Т.Орынбаева (Шымкент), Т.Мамыров (Сарыағаш), З.Баймаханова (Қазалы), көпбалалы ана Ұ.Абылаева (Арал), С.М.Вайншток (Мәскеу), Л.Ежевский (Днепродзержинск), Ресей медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі В.Хавинсон, С.Трофимова (Санкт-Петербург), Р.А.Аушев (Назрань), Клара Ахметовна (Белая Церковь) және көптеген басқалар бар.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Астана қаласының 11 жылдығына және туған күніне байланысты құттықтаулар жолдаған барлық ресми тұлғаларға, азаматтар мен ұйымдарға өзінің терең де шынайы алғыс сезімін білдіреді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар