Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 сәуір 2008
Президент Нұрсұлтан Назарбаев барлық христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады.

Алматыдағы Свято-Вознесенский кафедаралды соборында болған Президент мейрамға келушілерді құттықтай келе: "Жақыныңды құрмет тұт" сияқты адамзаттың мәңгілік қасиеттерін тірек ете отырып, бір-бірімізге сыйластық, құрмет көрсету, ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау арқылы елімізде тұрақтылыққа қол жеткіздік. Біз экономикамызды өркендету арқылы ел азаматтарының өмір сүру жағдайын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Ішкі келісім, шекаралық аймақтардағы сенімділік, жан-жақтағы көршілерімізбен тату қарым-қатынас - осының барлығы келешек Қазақстанды құрудың, біздің балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын болашағының басты негіздері. Мен, Мемлекет басшысы ретінде Пасха және басқа да діни мейрамдардың көпұлтты Қазақстанда бейбітшілік пен келісім жағдайында аталып өтілуіне мүмкіндік беретін теңдік саясатын жүргізе беретін боламын.


Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарға төзімділік, өзара сенім және бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан аса үлкен үлестері үшін алғыс білдірді. Ел Президенті Қазақстанның православиелік шіркеуіне, Астаналық және Алматылық Митрополит Мефодийге және барлық шіркеу қызметкерлеріне Қазақстанның қарқынды дамуына арқау болып отырған өзара келісім мен достықты нығайту бағытындағы күнделікті атқарып жатқан қызметтеріне алғысын айтты.


Сөйлеген сөзінің мәтінінқараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар