Жаңалықтар

24 қараша 2008
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Зағипа Балиеваны және Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконы қабылдады.

З.Балиева Мемлекет басшысына Әділет министрлігінің ағымдағы қызметі, атап айтқанда шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту, тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу бойынша заң жобасына өзгертулар туралы баяндады.


Әділет министрі сондай-ақ Президентті Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру жөнінде, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және Сот сараптамасы орталығының қызметі туралы хабардар етті.


В.Божко Президентке Төтенше жағдайлар министрлігін реформалау жөнінде, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету мәселелері бойынша істің жай-күйі туралы баяндады. Биылғы жылы халыққа қолдау көрсетуге және төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға бюджеттен 14 млрд. теңге бөлінді.


Министр Мемлекет басшысын елдің мемлекеттік материалдық резервінің ахуалы, Қазақстанның халықаралық гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысуы жөнінде хабардар етті.


Президент министрлікте жүргізіліп отырған реформаларды мақұлдады және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға Төтенше жағдайлар министрлігінің даярлығын арттыруға назар аударды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар