Жаңалықтар

2 шілде 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Мигель Анхель Моратиносқа Қазақстан мен Испания арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Достық» орденін табыс етті.

 

Кездесуде саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына және Испанияның Еуропалық Одаққа алдағы төрағалық ету тақырыбы жан-жақты талқыланды.

 

- Біз, міне, осымен 10 жыл бойы ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммиттері өткізілмегені жайында әңгімелестік. Біз сондай-ақ жұмысты бірлесіп бастауға келістік. Екі елдің төрағалығы кезінде, яғни Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға, Испанияның Еуропалық Одаққа жетекшілік етуінде біздер Қазақстанда ЕҚЫҰ-ның саммитін шақыру жөніндегі мәселені пысықтай алатын едік. Бұл жаңғыртуды қажет етіп отырған ЕҚЫҰ-ның дамуына жаңа серпін береді, - деді Испания Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар