Жаңалықтар

2 тамыз 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиевтің инаугурация салтанатына қатысты.

Бішкекте Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде тек Қазақстанды ғана танытып қойған жоқ. Биылғы жылғы 31 шілдеде Шолпан-Атада өткен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми басқосуында Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Президенттері Қазақстан Президентінен салтанатты рәсімдегі олардың ортақ өкілі болуын өтінді.

Қайтадан сайланған Қырғызстан Президентінің инаугурациясы Үкімет үйінде өтті. Қызметіне кірісу салтанаты барысында Құрманбек Бакиевке Президент куәлігі, ерекшелік белгілері – төсбелгі мен штандарт тапсырылды.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөз сөйледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар