Жаңалықтар

13 наурыз 2008
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сырдариядағы су тасқынының ахуалымен танысты.

Мемлекет басшысына Қазақстанның оңтүстігіндегі су тасқынының ахуалы, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігіндегі қайта ұйымдастыру барысы жөнінде министр Владимир Божко баяндады.


В.Божко Қызылорда облысының ұйымдарымен бірлесе отырып, Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен Сырдарияның орта және төменгі ағысында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Бөгеттер нығайтылып, мұз кептелісін болдырмауға бағытталған жару жұмыстары жүзеге асырылуда.


Министрлік басшысы сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар елді мекендерінің су басуының салдарын жою барысы туралы баяндады.


- Мемлекет басшысы Сырдариядағы су тасқынын мұқият бақылауға алып, су тасқыны болған жағдайда тұрғындардың материалдық шығынға ұшырауына, зардап шеккендердің болуына жол бермеуге қажетті барлық шараларды қабылдау жөнінде нұсқау берді, - деді В.Божко журналистерге арналған брифингте.


Министр Қарағанды бассейні көмір шахталарындағы қауіпсіздікті арттыру шаралары жөнінде баяндап берді, мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйелері, жаңа технологиялық құралдар сатып алынуды. Құтқару қызметі де қайта жабдықталуда.


- Президент төтенше жағдайлар министрлігін қайта ұйымдастырудың негізгі бағыттарын мақұлдады және ТЖМ-нің бірыңғай органы аясында тұрғындарды азаматтық қорғауды қамтамасыз ету мәселесін белсенді шешу қажеттігіне назар аударды. Елбасы мемлекеттік материалдық резерв жүйесін жетілдіру, құтқару авиациясын дамыту және өрт сөндіру қызметін күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді, - деді В.Божко.


Сол күні Президент еліміздің Қорғаныс министрі Д.Ахметовты қабылдады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар