Жаңалықтар

3 шілде 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа кәсіби-техникалық лицейде болды.

Лицей жалпы аумағы 28 мың шаршы метрден асатын үш корпустан тұрады. Кешен құрамына арнайы оқу сыныптары, өндірістік аймақ, спорт залы, асхана және басқа да қажетті орынжайлар кіреді. Барлық оқу бөлмелері қазіргі заманға сай үлгідегі жабдықтармен жарақталған.

 

Лицей алғашқы оқушыларды осы жылдың күзінде қабылдай бастайды. Оқу орны 10 түрлі мамандық бойынша жұмысшылар даярлайтын болады.

 

Мемлекет басшысы кондитерлік цехты, токарьлық шеберхананы, оқу сыныптарын аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларды оқыту мен олардың демалысын ұйымдастыру, лицей түлектерін одан әрі жұмыспен қамту мәселелері жайында сұрап білді.

 

Президент лицейді өзінің бастамасы бойынша жүзеге асқан «маңызды әлеуметтік жоба» деп атады. Мұнда жетім балалар орта біліммен қоса сұранысқа ие мамандықтар алатын болады.

 

- Мен идеямды іске асыруды «Қазақмыс» корпорациясынан сұрадым. Акционерлер арнайы шешім қабылдады және осы лицейді салуға қаражат бөлді, - деді Н.Назарбаев.

 

Мемлекет басшысы бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі екенін атап өтті.

 

- Бұл біздің елордамыздың туған күніне жасалған тамаша тартулардың бірі, - деп атап көрсетті Президент.

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар