Жаңалықтар

3 шілде 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа стадионның ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Елорда күні қарсаңында 30 мың көрерменге есептелген еліміздегі тұңғыш жабық стадионның құрылысы аяқталғанын атап өтті.

 

Мұндай орасан зор спорт ғимаратын Отанымыздың жүрегі, барша Қазақстанның мақтанышы – Астанада салудың символдық мәні бар. Жаңа стадион Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) барлық талаптарына сай келеді және бүкіл Орталық Азия өңірінде теңдесі жоқ құрылыс болып табылады.

 

- Мұнда ұлттық біріншіліктің басты матчтары өткізілетін болады. Осында біз басқа елдердің майталман футбол шеберлерін қабылдаймыз. Сондай-ақ осы тамаша спорттық аренада болашақта елдің спорттық намысын қорғайтын өрендеріміз, жас әрі талантты спортшылар жаттығады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Стадион алаңында алғашқы болып астаналық «Локомотив» футбол командасы мен Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесу ойындарын өткізді. Матчқа әлемнің үздік төрешілерінің бірі Пьер Луиджи Коллина қазылық етті. Жастар құрамасы қатарында танымал футболшылар Каха Каладзе мен Андрей Шевченко, «Локомотив» (Астана) командасының құрамында түрік футбошылары Хасан Шаш және Хакан Шукур ойын көрсетті.

 

Бірінші символдық допты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тепті.

 

- Бізде осындай тамаша стадиондар, спорт сарайлары, мұз айдындары мен су жарыстары ареналары көбейген сайын өміріміз де мәнді, салауатты әрі қызықты бола түспек. Барша астаналықтар мен қазақстандықтарды осы айтулы шарамен құттықтаймын, - деді Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар