Жаңалықтар

22 мамыр 2007
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен саяси реформалар мен Қазақстан Парламенті қабылдаған конституциялық түзетулер шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жіті назарында болды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен саяси реформалар мен Қазақстан Парламенті қабылдаған конституциялық түзетулер шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жіті назарында болды.


Конституциялық реформа шет елде оң бағаға ие болды және Қазақстанның демократиялануындағы кезекті маңызды кезең ретінде қарастыралады.


Америкалық International Herald Tribune президенттік мерзімнің қысқаруы және Парламенттің өкілеттігін кеңейту Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзекті өзгерістер болуы тиіс деп атап өтті. Оқиғаға пікір білдіре келе, олар: «Н.Назарбаев нарықтық реформалар жүргізуі және аумақты энергетика секторына батыстан инвестициялар тарту арқылы 15 миллион тұрғыны бар осы елдің өркенін өсірді» деп атап көрсетті.


Азаттық радиосы (Еуропалық Одақ) өз мақаласында «Қазақстан Президенті «эволюциялық» өзгерістерді ұсынады» деген тақырып қойып, онда барлық негізгі түзетулерге егжей-тегжейлі талдау жасайды, олардың қатарында – президенттік мерзімді қысқарту, Парламенттің өкілеттігін кеңейту және депутаттар санын көбейту, қоғамдық ұйымдар мен партияларды мемлекеттік қаржыландыруға рұқсат ету. Сондай-ақ, Қазақстан оппозициясы көшбасшыларының бірі Ж.Тұяқбайдың билік шын мәнінде «нақты саяси реформалар» жүргізуге ниетті екендігіне үміт білдірген ой-пікірін жариялады.


Көптеген ресейлік БАҚ өздерінің ақпараттық сюжеттері мен материалдарын Н.Назарбаевтың Парламентте сөйлеген сөзіне арнады. Ақпараттық агенттіктер мен телеарналар оны жедел түрде жариялап, оған сараптамалық түсініктемелер беріп отырды.


НТВ «Қазақстан Президенті мемлекеттік билікке батыл қайта құру және демократияландыру жариялады. Посткеңестік кеңістікте мемлекетті басқару формасы күнде ауыса бермейді. Мұндай жағдайлардың қосарланып жүретін революциялық үдерістерсіз, қандай да бір түрлі-түсті реңксіз немесе парламенттің алдындағы митингілерсіз өтуі өте сирек. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін революцияның жаңа түрін, яғни жоғарыдан жасалатын революцияны паш етті» деп мәлімдеді.


Россия және Первый канал Қазақстан Президентінің мәлімдемесін сенсациялық деп атады, себебі олар республикадағы басқару формасын алмастыруға жетелейді және парламенттің өкілеттігін едәуір кеңейтеді. Олар былайша баға береді:


«Қазақстан мемлекеттік құрылымды ауыстыруда». «Елді экономикалық жаңарту арқылы Назарбаев демократияны дамытуды қолға алды». «Күні бүгінге дейін өңірдің бірде-бір көшбасшысы мұндай реформалар ұсынған жоқ».


«Қазақстан мемлекеттік құрылымды өзгерту жолына түсті». «Саясат саңлағы Назарбаев тіпті орасан зор президенттік өкілеттіктерге иелік ете білу керек екенін, бұл ауыр еңбек және өзіне-өзі күнделікті бақылау екенін жақсы түсінеді».


Баспалық және Интернет-БАҚ-тардың оң бағалаулары қазірдің өзінде материалдардың тақырыбында бейнеленген: “Қазақстан басшысы билігін бөлісті”, “Назарбаев болашақ туралы ойлайды”, “Назарбаев Қазақстанның бейнесін өзгертуде”, “Қазақстанда ауқымды саяси реформа басталды”, “Қазақстанда билік тіктемесін қозғалтуда”, “Қазақстанда Франциядағыдай болады”.


Мәселен, Российская газета “енгізілген заң жобасында саяси жүйені толыққанды реформалау барынша нақты жазылғанын” атап өткен, ол “елде саяси тұрақтылықты сақтауға” бағытталған.


Мәскеулік Газета басылымы “Дала мәдениетін ұластырушылар” деген мақаласында Қазақстан “экономикалық, міне, енді саяси дамуда Ресейді өзінен кейін қалдырып отыр… Қазақстандық феномен оны бағалауға тырысуға лайық. Бастысы, Нұрсұлтан Назарбаевты саяси тұрғыдан қалай сипаттаса да, Қазақстанда Дэн Сяопиннің теоремасын дәлелдей білді. Ол тиімді саясатшы болып табылатынын дәлелдеп шықты. Борис Ельциннің де, Владимир Путиннің де қолынан келгенге қарағанда үлкен тұрғыда дәлелдей білді. Ресейде бір кездері мойындалған еуропалық демократиялық құндылықтар енді диктат формасы деп жарияланған. Қазақстан болса кері бағытта ілгерілеп барады”, деп мойындаған.


Ведомости ауқымды саяси реформаның басталуын билікті жария беруді қамтамасыз етуге қабілетті тиімді жүйені құру қажеттілігімен байланыстырады. “Қалай болғанда да біз билікті беру проблемасына деген түрлі көзқарасты көріп отырмыз. Қазақстан конституциялық өзгерістер көмегімен келеңсіз сценарийлерге жол бермеуге ұмтылып, оған алдын ала әзірленуде. Ресейдегі саяси күрес демократияның жалпыға ортақ нормалары сырттай сақталғандай болған жағдайда Византияға және шығыс деспотизміне тән кландар күресіне қарай сырғып барады”.


Независимая газета, Новые известия және Новости России басылымдары оппозициялық партиялардың көшбасшылары Ж.Тұяқбай мен Ә.Бәйменовтің түсіндірмелерін келтірген, олар тұтастай алғанда алдағы реформаға оң баға берген.


Труд газеті Қазақстан Президентін посткеңестік кеңістіктегі саясатшылар арасындағы ақсақалы атап, былай деп атап көрсеткен: “Назарбаев өзінің рационализаторлық ұсыныстарын конституцияға өзгерістер формасында бейнелеп, оларды әділ түрде іргелі деп сипаттады”. Сонымен қатар ресейлік БАҚ-тар саясаттанушылар мен сарапшылардың сандаған бағалаулары мен түсініктемелерін келтірген:


А.Дубнов, саясаттанушы: “Назарбаев шынында да посткеңестік кеңістіктегі аса көрнекті көшбасшы. Ол әрдайым алдымен экономикалық, содан кейін барып саяси реформаларды жүргізетінін айтып келді”.


С.Марков, Саяси зерттеулер институтының директоры: “Қазақстан азиялық жолдан дамудың шығысеуропалық жолына бұрылды. Назарбаев 15 жыл бойы Қазақстанды авторитарлық жаңартуды өте табысты жүргізді. Ол тұрмыс деңгейін көтерді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық өсу қарқынын ұлғайтты. Енді осы негізде саяси жүйені біртіндеп демократияландыруды бастады. Мен мұның назарбаевша, яғни баяу, біртіндеп және оң нәтижелермен жасалатынына сенімдімін”.


А.Князев, саясаттанушы: “Қазақстандағы үдерістер Қытай эволюциясын еске түсіреді. Бірнеше ондаған жылдар бойы, яғни қатаң авторитарлық саяси жүйе жағдайында алдымен экономика реформаланды, ал экономикада белгілі бір нәтижелерге жеткеннен кейін біртіндеп саяси жүйе де ырықтандырылуда… Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары – бұл саяси лидерлерді белсенді етуге берілген белгі. Саясатшыларда жақсы уақыт қоры бар, өйткені, Президент өзінің өкілеттігін мерзімі аяқталғанша, 2012 жылға дейін сақтайды. Ол кезге қарай капитал жинақтап, атыңды танытуға болады”.


А.Власов, саясаттанушы: “Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі саяси өзгерістер туралы ұсыныстары биліктің сөзден нақты саяси реформаларға көшкенін көрсетеді. Елдің саяси жұртшылығы мәлімделген өзгерістерді және, ең алдымен, саяси партиялар рөлінің кеңейтілуін дұрыс қабылдады. Назарбаев ұсынғандардың ішінен шешуші бір қағиданы даралап көрсету қиын, өйткені оларды елді демократияландыруға бағытталған біртұтас шаралар кешені ретінде қарастыру керек”.


А.Билалов, Мемлекеттік Думаның ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары: “Конституцияға ұсынылған өзгерістерді жалпыұлттық мәміле жағына қарай жасалған қадам деп қарастыруға болады: Парламентке депутаттардың бір бөлігін Қазақстан халықтары Ассамблеясымен келісе отырып ұсыну бастамасы – жақсы өнеге. Сайып келгенде, реформа қазақ қоғамының тұрақтылығы мен беріктігіне жәрдемдесуі тиіс”.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар