Жаңалықтар

14 желтоқсан 2020
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.  

Владимир Путин өзінің құттықтауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму ісінде зор табысқа қол жеткізгенін, әлемдік аренада үлкен беделге ие екенін, халықаралық өзекті проблемаларды шешуде маңызды әрі конструктивті рөл атқаратынын атап өткен.

– Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар табысты дамып келе жатқаны қуантады. Біз күш біріктіре отырып, барлық екіжақты байланыстарды, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйым, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты  одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін. Мұның бауырлас халықтарымыздың мүдделеріне жауап беретіні сөзсіз. Сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолымен келе жатқанымызды білдіреді. Өзіңізге зор денсаулық пен табыс, ал барлық достас Қазақстан азаматтарына шын жүректен бақ-береке тілеймін, – делінген Ресей Президентінің жеделхатында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар