Жаңалықтар

25 мамыр 2010
Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдуллаһ Гүлдің қатысуымен Түркі тілдес мемлекеттердің сәулет өнері мен қала құрылысы бойынша III халықаралық құрылтайы және «Қазақстан -2010 қала құрылысы форумы» өтті.
25.05.2010-1

Форумның Астанада өтуіне қаланың әлемнің ең қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі болып табылатыны себеп болған. Өйткені, жаңа қалаға заманауи ең үздік сәулеткерлік үлгілер таңдап алынған, үлкен эксперименталдық және инновациялық әлеует жұмсалған. Түркі тілдес мемлекеттердің сәулет өнері мен қала құрылысы бойынша құрылтайына және Қазақстанның қала құрылысы форумына қызығушылық танытушылардың қатары жылдан-жылға арта түскені кездейсоқтық емес.

Мемлекет басшысы өз сөзінде, «Астана – қазақ елінің келісті келбеті, жүзеге асқан ұлттың аңсары, жерұйық мекені, біздің береке-бірлігіміздің алтын ұясы», деп атап көрсетті.

Биылғы жылы құрылтайға әлемнің 30 елінен, соның ішінде ТҮРКСОЙ-ға мүше елдерден: Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Ресей Федерациясы сияқты және өзге елдерден өкілдер жиналды. Ауғанстан, Босния, Үндістан, Ирак, Иран, Украина, Ливан, Египет, Моңголия, Сирия, Тәжікстан, Беларусь, Литва тәрізді және өзге елдерден өкілдер қонақ ретінде қатысты.

Қазақстан және Түркия Президенттеріне әкімшілік және мәдени-гуманитарлық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың үздік жобалары көрсетілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар