Жаңалықтар

4 сәуір 2006
Түстен кейін Кремлде Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті.
216.jpg

Екі елдің үкімет мүшелері мен іскер топ өкілдері қатысқан келіссөздер кезінде ғарыш, әскери, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшылары басым бағыттардағы ынтымақтастықтың оң серпіні мен зор келешегін атап өтті.

 

Келіссөздер соңында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі мен Ресей Федерациясы Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлігі арасында қазақстандық “KAZSAT” байланыс және тарату спутнигі үшін орбиталық орын беру және Еуразиялық Өнеркәсіп Ассоциациясы мен Внешэкономбанк арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

 

Тараптар сондай-ақ Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің  1995 жылғы 20 қаңтардағы 4-ші Мемлекеттік орталық полигонды (нысандар мен әскери алаңдар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) пайдалану тәртібі жөніндегі; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ембі полигонын пайдалану және жалға алудың шарттары туралы; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану және жалға алу шарттары және Приозерск қаласының өмірлік іс әрекетін қамтамасыз ету; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік 929-шы сынақтан өткізу полигонының (нысандар мен әскери алаңдар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) ұшу-сынақтан өткізу орталығын пайдалану туралы бұдан бұрын жасасылған келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаларға қол қойды.

 

Екі елдің сыртқы саясат ведомствалары 2006 жылға арналған Ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар