Жаңалықтар

20 сәуір 2011
Түстен кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансиппен кездесті.
02 с А.Ансипом

Кездесуде Эстония Премьер-Министрі Мемлекет басшысына IT-технология саласындағы Эстонияның тәжірибесі туралы айтты. 2000 жылдан бастап Эстонияда Еуропадағы үздік электронды үкімет жүйесі енгізілген. Халыққа электронды қызмет көрсететін дерекқорда 500-ден астам аталым сақтаулы.

- Біз сіздердің мамандарыңызды шақыруға және Эстонияның халыққа электронды қызмет көрсету жөніндегі тәжірибесін қабылдауға дайынбыз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.

- Құрметті Президент мырза, Сізді өткен президенттік сайлаудағы жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Біз үшін Сізді Эстонияда мемлекеттік сапармен қабылдау үлкен құрмет. Сіздің сапарыңыз өте үлкен әлеуетке ие біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қатынастарды тереңдетуге көмектесетініне сенемін. Осының бәрі энергетика тақтатасы, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит саласы, эстондық порт арқылы батыс нарығына жүк тасымалдау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға серпін береді, - деп атап өтті Андрус Ансип.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар