Жаңалықтар

11 шілде 2006
Түстен кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Хорватияның Премьер-Министрі Иво Санадермен кездесті.

-Сіздің сапарыңыз біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Біз фармацевтика, туризм, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс салалары сияқты бағыттарда ынтымақтасуға дайынбыз. Қазақстандық инвестиция үшін біздің есігіміз ашық,-деді Иво Санадер кездесудің ашылуында.

Мемлекет басшысы Хорватия мен Қазақстан экономикасы өрлеу үстінде екенін, сондықтан да екіжақты ынтымақтастықты мейлінше кеңейту қажеттігін атап өтті.

-Қазіргі таңда Қазақстан инвестицияны импорттамайды, экспорттайды және кеңестік кезеңнен қалған кеңістіктегі ірі инвестор болып табылады. Қазақстандық компаниялар Хорватия экономикасының жекешелендіру үдерісіне қатысуға дайын,-деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Хорватия Премьер-Министрін Қазақстанға келуге шақырды және бұл шақыру ілтипатпен қабыл алынды.

-Мен Қазақстан экономикасының өркендеуіне таңданамын. Бұл тәжірибе Хорватия үшін өте маңызды,-деді Иво Санадер.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар