Жаңалықтар

15 желтоқсан 2008
Ығыттарды бірлесіп азайту аясында Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы серіктестіктің 15 жылдығына байланысты Мемлекет басшысының атына АҚШ Президенті мен Сенатынан құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Ығыттарды бірлесіп азайту бағдарламасы әлемнің алдында тұрған ең үлкен қауіп-қатердің бірі – лаңкестер мен жаппай қырып-жоятын қару-жарақтарды таратуға ниетті тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару-жараққа немесе соның материалдарын қолға түсіру ықтималдығына қарсы күрестегі маңызды құрал болып табылады.


Дж.Буштан келіп түскен жеделхатта атап көрсетілгендей, «Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты, бұл жайт қауіпсіздікті жақсартуға сеп болды және Қазақстанды қару-жарақты таратпау ісінің көшбасшысы етті. Осынау бағдарламаның арқасында Қазақстан Кеңес Одағынан мұраға қалған жаппай қырып-жоятын қару-жарақтан бас тарта алды және әлем елдеріне оң үлгі көрсетті».


«Осы бір атаулы күні біз, АҚШ пен Қазақстан халықтарының арасындағы тығыз ынтымақтастықты атап өтіп, қару-жарақты таратпау саласындағы серіктестіктің келесі сатысын нығайту жөніндегі өз міндеттемелерімізді қуаттағымыз келеді», делінген Дж.Буштың хатында.


«Бейбітшілік және қарусыздану ісін жақтағандары үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, мемлекеттік органдар мен Қазақстан халқына ризамын. Сіздердің күш-жігерлеріңіз жаппай қырып-жоятын қару-жарақтармен күресте айтулы жетістіктерге қол жеткізуге көмектесіп отыр», дейді АҚШ Президенті.


АҚШ Сенаты өз кезегінде, «ядролық қарудан бас тартқан Қазақстанның болашағының қауіпсіздігіне сенген және қару-жарақты жою туралы шешім қабылдаған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігіне және жүректілігіне» оң баға беріп отыр.


1993 жылы осы күні Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылып, өз талпынысын халықаралық құқық негізінде бекітіп еді. Америка сенаторларының пікірінше, осынау маңызды шешім Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда қалған ядролық және биологиялық қару-жарақтарды, материалдар мен инфрақұрылымдарды қауіпсіз және сенімді жою саласында АҚШ пен Қазақстанның арасындағы 15 жылдық тығыз ынтымақтастыққа жол ашты.


«Президент Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан әлемдегі жаппай қырып-жою қаруын таратпау ісіндегі көшбасшылардың біріне айналды, қарусыздану ісіне өз ұстанымын іс жүзінде дәлелдеді. Қазақстанның іс-қимылы бүкіл әлем үшін қауіпсіздіктің жаппай қырып-жою қаруын арттырумен емес, жаһандық ығыттарды жою жөніндегі ынтымақтастықпен қамтамасыз етілетінінің үлгісін көрсетті.


Біз Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңызды қыры болып табылатын Нанна-Лугара бағдарламасының мақсаты жаппай қырып-жою қаруы мен ядролық материалдарды қысқарту саласындағы жаһандық ынтымақтастық үшін негіз қалайтынына сенімдіміз, және де барынша қауіпсіз әлемді қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді ілгерілетудегі Қазақстанның көшбасшылығын қолдаймыз», - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар