Жаңалықтар

18 қараша 2020
Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIIІ отырысына қатысты

ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев 18 қараша күні бейнеконференция форматында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIII отырысына қатысты.

Шараға Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Патрушев, Әзірбайжан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Усубов, Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А.Григорян, Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Мусаев, Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Махмудзода, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Махмудов, Түрікменстан Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ч.Аманов, Белорусияның Қауіпсіздік Кеңесі Мемлекеттік хатшысының орынбасары В.Арчаков, Атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы С.Лебедев, ҰҚШҰ Бас хатшысы С.Зась қатысты.

Форум барысында Достас елдеріндегі бүгінгі сын-қатерлер жағдайындағы ынтымақтақтастық мәселелерінің кең спектрі қаралды.

Соның ішінде коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес пен жаңа биологиялық қауіптерге қарсы іс-қимыл кезіндегі мемлекетаралық шаралар, ақпараттық кеңістікті қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелер, төтенше жағдайлардың салдарын еңсеру жөніндегі өзара іс-қимыл, Ауғанстандағы қазіргі ахуал және басқа да бағыттар талқыланды.

Әсет Исекешев өз сөзінде аймақтық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелеріне, ТМД елдеріндегі тәуекелдер мен қауіптерді азайтуға мән берді. Атап айтқанда, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, су-экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, есірткінің заңсыз айналымына, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте бірлескен жұмыстардың қажет екеніне назар аударды. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар