Жаңалықтар

30 қыркүйек 2020
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә.Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы А.Григорянмен телефон арқылы сөйлесті

Армян тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ахуалды талқылады.

Әсет Исекешев әріптесіне Қазақстан тарапының ахуалды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдау, күштік құралдарды пайдаланудан бас тарту қажеттігі, сондай-ақ, мәселені тек саяси және дипломатиялық тұрғыдан шешу туралы ұстанымын жеткізді. 

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар