Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы

1975 жылы Алматы қаласында туған.

1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Индиана Университетін, 1999 жылы Дж.Кеннеди атындағы Гарвард университеті Жоғары мемлекеттік басқару мектебін, 2011 жылы Массачусетс технологиялық институтын бітірген.

1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының штаттан тыс кеңесшісі, штаттан тыс қызметкер.

1999-2000 жылдары – «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ Стратегиялық жоспарлау департаментінің бас аналитигі, Стратегиялық жоспарлау және сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің бас менеджері.

2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаменті Талдау және қорғаныс ресурстарын басқару бөлімінің бастығы.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас Штабының Жаңа технологиялар мен мақсатты бағдарламалар департаментінің бастығы, Автоматтандыру және геоақпараттандыру жүйесі басқармасының бастығы.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының жетекшісі.

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Экономикалық саясат басқармасы жүйелі зерттеулер орталығының жетекшісі.

2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі.

2007-2008 жылдары – «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма бастығы.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.

2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі.

2015 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Халықаралық қатынастар магистрі, Халықаралық және ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат магистрі, Жүйелік дизайн инжинирингі саласы ғылымының магистрі.

Ағылшын, араб, неміс тілдерін меңгерген.

«Құрмет» орденімен (2014 ж.) және ведомстволық медальдермен марапатталған.

 


 
 Басшылық