Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Аманұлы Кәлетаев

1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында Приозерное ауылында туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған.

Саяси ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінің бірінші санаттағы маманы, жетекші маманы болып бастаған.

1995-1996 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің жетекші маманы, бас маманы.

1997 жылы – Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру департаментінің басқарма бастығының орынбасары.

1997-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бастығы.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2002 жылы – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаментінің директоры.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі.

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі.

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2008-2009 жылдары – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

2009-2016 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты.

2018 жылы – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі.

2019 жылғы наурыз – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы.

2019 жылғы 25 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, бірқатар медальмен марапатталған.

Үйленген, 2 баласы бар.


 
 Басшылық