Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Оразалин Оңдасын Сейілұлы

 

1963 жылы туған.

1985  жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1985-1986, 1987-1988 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.

1988-1990 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.

1990-1993 жылдары – жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.

1993-1999 жылдары – «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы.

1999-2000 жылдары – «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.

2000-2003 жылдары – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.

2003-2004 жылдары – Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.

2004-2005 жылдары – Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.

2005-2006 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылдың наурыз бен қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

2017 жылғы 22 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2008) және 3 медальмен марапатталған.

Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.


 
 Басшылық