Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Жиенбаев Ержан Нұрланұлы

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек еткен.

2005 жылдан бастап 2019 жылдың қазан айына дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012–2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2019 жылғы шілде – қазан аралығында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 23 қазанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.


 
 Басшылық