Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.

1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.  

Еңбек жолы:

1979-2005 жылдары ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы қ., Астана қ. және Алматы облысы).

2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі.

2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығы.

2011-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

2019 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

«Даңқ» орденінің кавалері.

Полиция генерал-полковнигі.


 
 Басшылық