Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Жұмақанов Владимир Зейноллаұлы

1955 жылы 7 қарашада РКФСР Свердлов облысында туған.

1977 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1977 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ғылыми қызметкер болып бастаған.

1982 жылдан бастап – КСРО Мемлекеттік қауіпсіздігі органында, кейіннен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органында жұмыс істеген.

1984-1989 жылдары – Ф.Э.Дзержинский атындағы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздігі комитетінің Жоғары Қызыл ту мектебінде оқыған.

1982-2007 жылдары – Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы МҚК-нің кіші жедел уәкілі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, Басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары, Төрағаның кеңесшісі, Департамент бастығы.

2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

2010 жылдан 2015 жылғы желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2015 жылғы 25 желтоқсаннан 2016 жылғы 8 қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты (2012 жыл).

І дәрежелі «Даңқ» орденінің (2015 жылы) және «Айбын» ордендерінің 2 дәрежедегі (2004 және 2008 жылдары) иегері.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

2016 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.


 
 Басшылық