Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Онжанов Нұрлан Баймолдаұлы

1960 жылы туған.

1983 жылы Гумбольдт атындағы Берлин университетін бітірген.

1983-1986 жылдары – Алматы педагогикалық шетел тілдері институтында оқытушы.

1986-1992 жылдары – Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шетел тілдері институтында аспирант, зерттеуші-стажер.

1992-1994 жылдары – жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің кеңесшісі.

1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты Халықаралық бөлімінің аға референті.

1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінде бірінші хатшы, кеңесші.

1997-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінде кеңесші.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экономикалық саясат департаментінің директоры.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасының Майндағы Франкфурт қаласында бас консул.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы тарапынан ұлттық үйлестіруші.

2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Дания Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2014 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

 «Құрмет» (2006), «Парасат» (2011) ордендерімен және 5 медальмен марапатталған.

Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесіне ие.

Филология ғылымдарының кандидаты. Неміс, швед, ағылшын тілдерін меңгерген.

Үйленген, екі баласы бар. 


 
 Басшылық