Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 13 тамыздағы № 379 Жарлығымен бекітілді

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы (бұдан әрi – Мемлекеттiк хатшы) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы болып табылады.

Мемлекеттiк хатшы өз қызметiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң тiкелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп бередi және бақылауында болады.

Мемлекеттiк хатшы мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасының Президентi үшiн iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:

Қазақстан Республикасының Парламентiмен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктерiмен қарым-қатынастарда;

халықаралық қарым-қатынастарда оның мүдделерiн бiлдiредi;

мыналардың:

әлеуметтік-гуманитарлық даму, отбасылық-демографиялық саясат, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөнінде;

Мемлекет басшысының жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың: Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнiндегi комиссияның, Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның, Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның, Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның,  Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның, Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның, Ведомстволық және олармен теңестірілген басқа да  наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның, Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттің сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметiн үйлестiредi;

Қазақстан Республикасында қоса атқарушы ретiнде тiркелген шет мемлекеттердiң елшiлерiнен сенiм грамоталарын қабылдайды; Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмаларына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы 

ӘБДІҚАЛЫҚОВА Гүлшара Наушақызы

1965 жылы Қызылорда облысында туған.

Білімі жоғары, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Институтты бітірген соң 1987-1994 жылдары Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

1994-1995 жылдары – ҚР Жоғары Кеңесі Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің консультанты.

1995-2003 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек департаментінің директоры, Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың кірісін реттеу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

2003-2005 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2005-2006 жылдары – «Өмірді сақтандыру компаниясы – Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ басқармасының төрайымы.

2006-2007 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2007-2008 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2008-2009 жылдары – ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы.

2009-2012 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

2014 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

Бір қыз тәрбиелеп отыр.


 
 Басшылық