Құқық қорғау жүйесі бөлімі

Құқық қорғау жүйесі бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Құқық қорғау жүйесі бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:

1. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Президенттің қызметін қамтамасыз ету.

  • Президентті және Әкімшілік басшылығын елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің  жай-күйі туралы хабардар ету;
  • құқық қорғау жүйесін жетілдіру, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, оның ішінде құқық қорғау органдарын құру және қайта құру, олардың функциялары мен өкілеттіктерінің аражігін ажырату бойынша ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік органдардың заңдылық, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, көші-қон саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруына, осы мәселелер бойынша Президенттің және Әкімшілік басшылығының бағдарламалық құжаттарын, актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асыру;
  • Президенттің және Әкімшілік Басшылығының қатысуымен өтетін заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
  • прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі, кеден органдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;
  • Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесі саласындағы актілерінің жобаларын, оның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысу;
  • Үкімет әзірлеген құқық қорғау жүйесі саласындағы заңнамалық актілер жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізгенге дейін келісуге қатысу;
  • Президентке қол қоюға енгізілетін құқық қорғау жүйесі саласындағы заңдарды сараптауға қатысу;
  • Президенттің құқық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін қамтамасыз ету;
  • прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, кеден органдары орталық мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларын келісуге, олардың мониторингі нәтижелерін қарауға қатысу;
  • Бөлімнің құзыреті шегінде құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарын қызметке тағайындау және қызметтен босату жөніндегі қорытындыларды зерделеу және Әкімшілік басшылығының қарауына енгізу;
  • құқық қорғау органдарында және ұйымдарда мемлекеттік қызмет және кадрмен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі, кеден органдарының қызмет нәтижелерін Президенттің қарауына дайындауды қамтамасыз етуге қатысу;
  • Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің көші-қон саясаты саласындағы қызметін үйлестіру.

2. Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдар қызметін қамтамасыз ету.

  • Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарының жобасын әзірлеу;
  • Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның және оның жұмыс тобының отырыстарын, оларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
  • Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалуын бақылау және оның қызметі туралы есептер дайындау;
  • Президент жанындағы Жоғары әскери, арнайы және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия отырыстарын және оларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
  • жоғары әскери, арнайы және өзге де атақтар, сыныптық шендер беру туралы Президент жарлықтарының жобаларын дайындау;

3. Президенттің өзге де өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.

  • елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының жобасын дайындауға қатысу;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
  • Президент және (немесе) Әкімшілік басшылығы белгілейтін өзге де функциялар.

________________________________________________________________________________________________________________

Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі

СЕЙДГАПБАРОВ Қанат Серікұлы


 
 Құрылымдық бөлімшелер