Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылықтың қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және консультациялық қамтамасыз ету.

  • Әкімшілік Басшысының атына келіп түсетін материалдар мен құжаттарды толықтығы, өзектілігі, баяндалуының дәлдігі, Президенттің және Әкімшілік Басшысының бұрын берген тапсырмаларын орындау мен есепке алу тұрғысынан талдап, жүйелейді, сондай-ақ олар бойынша Әкімшілік Басшысының тиісті шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
  • Жалпы бөліммен бірлесіп Әкімшілік Басшысының тапсырмаларының толық әрі уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
  • Әкімшілік Басшысының жұмыс кестесін түзеді;
  • Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп белгіленген тәртіппен аппараттық кеңестердің, Әкімшілік Басшысының жұмыс кестесіне сай ол өткізетін басқа да іс-шаралардың уақтылы дайындалуын және өткізілуін қамтамасыз етеді;
  • Әкімшілік Басшысының тапсырмасы бойынша немесе бастамашылық тәртіппен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді.

2. Әкімшіліктің қызметін жетілдіру үшін резервтерді анықтау мақсатында жүргізілетін, құрылымдық бөлімшелер қызметіне жүйелі де тәуелсіз құжаттамалық талдау жасау.

  • Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелеріне және мемлекеттік инспекторларына аудит жүргізеді;
  • Әкімшілік Басшысының бекітуіне құрылымдық бөлімшеге, мемлекеттік инспекторға жүргізілген аудиттің қорытындылары туралы есепті, сондай-ақ атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті дайындап, ұсынады;
  • жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • құрылымдық бөлімшелер, мемлекеттік инспекторлар қызметін регламенттейтін барлық құжаттарға олардың заңнама талаптарына, Президент Әкімшілігінің міндеттері мен функционалдық қызметіне сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді.

Қазақстан Республикасы

Әкімшілік Басшысы хатшылығының меңгерушісі

КИМ Евгений Германович


 
 Құрылымдық бөлімшелер