Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссия

 

Комиссия «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 915 қбп Жарлығымен құрылды.

Елбасының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссия (әрі қарай – Комиссия) туралы құру жөніндегі шешімі Қазақстанның таратпау саласындағы әлемдегі ең танылған жетекшілердің бірі деген дәрежесін одан әрі бекітуге арналған бағыттағы іскер қадам. Қазақстанның ядролық қарусыздануда мол тәжірибесі бар. Қазақстан ядролық және басқа да жаппай қырып-жою қарулардан азат әлемге жету идеясының жолын ұстаған елдің үлгісі болуға лайық.

Комиссия Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етумен мемлекеттің халықаралық аренадағы жауапкершілігі едәуір өскен уақытында құрылды. 2010 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-дың мұшелеріне  жолдаған өзінің бейне үндеуінде жаппай қырып-жою қаруын таратпау тәртібін әлсіреу үдерісіне орай әрекет ету Қазақстан төрағалығының күн тәртібінің басты тармағы болады деп атап айтты.

Комиссия таратпау және қарусыздану салаларындағы, оның ішінде, халықаралық таратпау тәртібін қүшейтуге бағытталған ұсыныстарды дайындау мақсатында, Қазақстан Республикасы қызметіне қосымша серпін береді деп жоспарланып отыр.