Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес

 

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың тұрақтылығын және тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 ж. 12 маусымындағы № 994 жарлығымен құрылды.

Кеңес Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылды. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығына және жүйелік тәуекелдерді барынша азайтуға бағдарланған макропруденциалдық реттеуді іске асыруға жәрдемдесу және ұсыныстар тұжырымдау Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.

Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Кеңес төрағасы болып табылады. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі, Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, бірінші басшылары және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы кіреді.


 
Президент жанындағы кеңестер