Құқықтық саясат жөніндегі кеңес

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрылуы және оның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 19 ақпандағы № 303 Өкімімен бекітілген.

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы

Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері

Кеңестің негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;

2) құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу, жүргізіліп отырған құқықтық саясаттың әлеуметтік-экономикалық сала мен мемлекеттік құрылыстағы реформалармен үйлесімділігін қамтамасыз ету;

3) стратегиялық міндеттерді айқындау, қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;

4) заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауын бақылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, неғұрлым маңызды заң жобаларының тұжырымдамасын айқындау;

5) Қазақстан Республикасының Президентін елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы хабардар ету.

 

3. Кеңестің құқықтары

Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың осы саладағы норма түзушілік және құқық қолданушылық қызметі мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіруге;

2) мыналар:

заңнаманы жетілдіру;

мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауына бақылауды күшейту;

Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етпеген құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар басшылары мен өзге де лауазымды адамдарының жауаптылығы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге;

3) мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми ұжымдар дайындаған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге;

4) халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерін қарауға қатысуға;

5) норма түзушілік және құқық қолданушылық проблемаларын талдау мен зерделеуге қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын тартуға, неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құруға;

6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға;

7) қылмыстық қолсұғушылық пен құқық бұзушылықтан азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар қызметінің, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалған құқық тәртібінің өзекті мәселелерін қарауға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

 

4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

Кеңеске басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады. Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Кеңес мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.

Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес, оның мүшелерінің кемінде жартысы болған жағдайда өткізіледі. Кеңес жұмысы ағымдық және перспективалық негізде жүзеге асырылады. Кеңестің жұмыс жоспарын Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің пікірін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып бекітеді.

Отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер, егер отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің немесе шақырылған адамдардың, олар бойынша қарсылықтары болмаса, оларды талдаудан кейін қабылданады. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

Кеңес шешімдері хаттамалармен ресімделіп, оларға төраға қол қояды және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.

Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдері Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілерін шығаруға бастамашылық ету жолымен іске асырылуы мүмкін.

Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінің Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол Кеңес отырыстарына хаттамалар мен басқа да қажетті материалдар дайындайды және белгіленген тәртіппен Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамы

 

Мәми

Қайрат Әбдіразақұлы

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;

 

Мұқашев

Рахмет Желдібайұлы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

Түгел Әнуар

Құрманбайұлы

- Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының президенті;

 

Тұрмағанбетова Жеміс

 Өтегенқызы

«Адам құқықтары үшін хартиясы» - қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

 

Қожамжаров

Қайрат Пернешұлы

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл агенттігінің төрағасы

 

Бычкова

Светлана Федоровна

 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

 

 

Кеңес мүшелері:

Ақылбай

Серік Байсейітұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

Қасымов Қалмұханбет

Нұрмұханбетұлы

- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі,

 

Полторабатько

Людмила Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша),

Қаудыров

Төлеш Ерденұлы

- Қазақ гуманитарлық заң университетінің Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының директоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша),

Имашев Берік

Мәжитұлы

- Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Архарова

Жаңылсын Баянқызы

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

 

Дауылбаев

Асхат Қайзоллаұлы

- Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Кеңес төрағасының орынбасары;

 

Қопабаев

Өмірәлі Қожабайұлы

- Д.А.Қонаев атындағы университеттің ректоры

 

Нәрікбаев

Мақсұт Сұлтанұлы

- Қазақ гуманитарлық-заң университетінің ректоры

 

Ыбырайым

Нұрлан Мұхтарбекұлы

- «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы;

Шәкіров

Асқар Оразұлы

- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

 

Донақов

Талғат Советбекұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Кеңестің төрағасы

Әбіқаев

Нұртай

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

 

 


 
Президент жанындағы кеңестер