Ел халқының саны 2010 жылғы 1 қаңтардағы ағымдағы есеп бойынша 16036,1 мың, оның ішінде қала халқы– 8607,5 мың (53,7%), ауыл халқы 7428,6 мың (46,3%) адамды құрады. 2009 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ол 222,3 мың адамға немесе 1,1%-ға артқан. Осы кезеңде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа, барлық өңірлерде халық санының өскені байқалады. Жалпы халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысына келеді – 47,6 мың адам, ал ең көп азаюы Солтүстік Қазақстан облысында - 4,9 мың адамға кеміген.
2009 жылы республика халқының табиғи өсімі 214772 адамды құрады (203869 адам – мұнда және бұдан әрі 2008 жылғы көрсеткіштер келтірілген). 2009 жылы 1000 адамға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 13,48 (13,01) адамды құраған.
2009 жылы АХАЖ органдарында 357552 (356575) туу тіркелген, ол 2008 жылға қарағанда 0,3%-ға артық. Осы кезең ішінде 184610 ұл бала және 172942 қыз бала дүниеге келген немесе 100 қыз балаға 106 ұл баладан. 1000 тұрғынға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,45 (22,75) туғандарды құрады.
2009 жылы елімізде өлгендер саны 142780 (152706) адамды құрады, оның ішінде 82516 (88767) адам қалалық жерлерде, 60264 (63939) адам ауылдық жерлерде. Осы кезеңде 78649 еркек және 64131 әйел қайтыс болған немесе 100 әйелге 123 еркек.Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,97 (9,74) өлгендерді құрады.
Барлық тіркелген өлім жағдайларынан өлімнің негізгі себептері қан айналымы жүйесінің ауруы болып табылса, 2009 жылғы оның үлесі 46,4% (50,3), жаңа өскіндер 12,6% (11,9), жазатайым жағдайлар, улану және жарақат алу – 12,1% (12,9) құрады.
2009 жылы елімізде 1 жасқа дейінгі 6516 (7322) өлген балалар тіркелген, оның ішінде 3715 (4154) ұл бала, 2801 (3168) қыз бала. Нәрестелер өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туған балаға 18,23 (20,76) өлгендерді құрады. Нәрестелер өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде болатын жағдайлар болып табылады, одан 2009 жылы 3981 (4537) нәресте өлген немесе барлық нәрестелер өлімінің 61,1% (62,0%).
2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда некеге тұрғандар мен ажырасқандар саны тиісінше 4,1% және 10,1% өскен және 140785 (135280) неке мен 39466 (35852) ажырасуды құраған. Некелесудің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,84 (8,63) некені, ажырасу коэффициенті- 2,48 (2,29) ажырасуды құрады.
2009 жылы халықтың көші-қонының оң айырымы 7502 (1117) адамды құраған, оның ішінде ТМД елдерімен - 350 (минус11483). Республикамызға келушілер саны 41485 (46404) адамды, ал оның шегінен тыс кетушілер - 33983 (45287) адамды құрады.
Қазақстанға келгендердің басым үлесін қазақтар - 72,7% (75,6%), орыстар – 14,5% (13,5%), немістер – 1,1% (1,2%) құрады. Қазақстан шегінен тыс кеткендердің басым үлесі орыстарға - 69,0% (69,9%), немістерге – 6,3% (6,9%), қазақтарға – 5,1% (5,0%) тиесілі.
Тақырыпқа қатысты толық ақпаратты ҚР Үкіметі мен ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің сайттарынан қараңыздар.