Бөлімдер

Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                   Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 7 қыркүйек

№ 149