Бөлімдер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Спорт күніне арналған құттықтауы

14.08.2010

Қадірлі отандастар!

 

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесімен құттықтаймын!

Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда.

Дені сау ұлт – бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Биылғы Жолдауда 2020 жылға дейін Қазақстан халқының отыз пайызын бұқаралық спортқа тарту туралы айтылды.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз  асқақтай түсуде. Келесі жылы елімізде қысқы Азия ойындары өтеді. Бұл – Қазақстан спортының әлемдік деңгейде дамығанын көрсетеді.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық тілеймін! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!  

  

Нұрсұлтан Назарбаев

Оқиғалар дерекнамасы

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0