Сапар аясында Мемлекет басшысы жаңа емханада болды, қайта жөндеуден өткен «Қызылжар оранжереясы» ботаника бағының ғимаратын аралап көрді.
Өңірге жұмыс сапары барысында ҚР Президенті «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы аясында 135 жеке тұрғын үй салынып жатқан «Бәйтерек» жаңа шағын ауданындағы құрылыс нәтижелерімен таныс болды.
Жұмыс сапарын аяқтай келе, Мемлекет басшысы «Базис-Қызылжар» ЖШС ауыл шаруашылық алқабымен танысты, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілермен кездесті. Кездесу барысында егіннің шығымы және агроөнеркәсіп кешенін дамыту келешегі туралы әңгіме қозғалды. ҚР Президенті атап өткендей, Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға ұлғайған. Бұған өз үлестерін қосуда Солтүстік Қазақстанның аграршылары ерекше рөл атқарды.